Қарсы бағытқа шығу қайғылы оқиғаға әкеп соқты: Жетісуда 6 адам қаза тапты

0
67

Тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді"


Қарсы бағытқа шығу қайғылы оқиғаға әкеп соқты: Жетісуда 6 адам қаза тапты

фото:Бейнежазбадан алынған кадр

ERNUR.KZ. Жетісу облысында алты адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды. Апаттың мән-жайын өңірлік полиция департаменті жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Полицияның мәліметінше, екі Chevrolet Cobalt автокөлігі Сарыөзек – Көктал тасжолының 110-шақырымында апатқа ұшыраған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктер бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Жол апаты дерегі бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.