Қарағандыдағы арнайы операция: жасырын зертхана анықталды

0
79

Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі тұрғын синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған.


Қарағандыдағы арнайы операция: жасырын зертхана анықталды

фото:видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында есірткі өндірумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп жазады tengrinews.kz.

5 қарашада Қарағанды облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның көмегімен Сортировка кентінде ауқымды арнайы операция өткізді. Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі тұрғын синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған.

Тінту кезінде жалдамалы үйден бір тоннадан аса прекурсор мен 52 келіден аса дайын Альфа-PVP тәркіленген. Сонымен қатар, есірткі өндіруге арналған құрал-жабдықтар: электрон таразылар, араластырғыштар, кептіргіштер, вакуумдағыштар, контейнерлер және өзге де техникалық құрылғылар анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

"Операция нәтижесінде шамамен 173 мың доза синтетикалық есірткінің қара нарыққа түсу жолы кесілді. Сондай-ақ азаматтар арасынан жаңа "курьерлер" мен жасырын таратушылардың қылмыстық іске тартылуына жол берілмеді, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ғалымжан Бекболатов.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер үйді зертхана ашу мақсатында жалдап, психотроптық заттарды куратордың нұсқауымен дайындаған. Ал еңбекақылары криптовалюта түрінде төленіп отырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.