Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан.
фото: Sputnik / Варвара Гертье
ERNUR.KZ. Қарағандыда дәрігерлер магнит жұтқан баланы аман алып қалды, деп жазады sputnik.kz.
1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған.
"Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының шұғыл бөлімшесіне жеткізілді. Ол ішінің қатты ауыратынына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оның асқазанында 12 магнит шарик барын анықтады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан.
"Хирургтар шұғыл операция жасап, кішкентай науқасты құтқарып қалды. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство.