Қарағандыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті

0
104

Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді


Қарағандыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті

фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Қарағандыда жол апатын болдырмауға тырысқан жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 26 қаңтар сағат 08:20 шамасында Тәттімбет көшесінде болған.
"42 жастағы "ВАЗ-2111" автокөлігінің жүргізушісі негізгі жолда келе жатқан "KIA Sportage" автокөлігімен соқтығысып қалмау үшін рөлді бұрған кезде "Mercedes" көлігімен соқтығысқан. Ал жол апатын болдырмауға тырысқан KIA Sportage" жүргізушісі аялдама павильоны мен сонда тұрған әйелді қаққан", - дейді полиция.
Апат салдарынан 52 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.