Қарағанды облысындағы аса қауіпті қылмыскер бес жыл бойы дәретхананың ішіне жасырынып келген (ВИДЕО)

0
96

Ол жер үйдің ішіндегі дәретханының қабырғасынан «тесік» жасап алып, сонда тығылған.


Қарағанды облысындағы аса қауіпті қылмыскер бес жыл бойы дәретхананың ішіне жасырынып келген (ВИДЕО)

видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде бес жыл бойы аса ауыр қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамның жасырынған жерін тауып, қолға түсірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция күдіктінің қалай қолға түсіргенін көрсеткен. Бейнематериалға сүйенсек, ол жер үйдің ішіндегі дәретханының қабырғасынан «тесік» жасап алып, сонда тығылған.

«Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйдің ішінде жасалды. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректер бойынша, ер адам қала тұрғынынан қорқыту және күш қолдану арқылы 117 миллион теңгесін бопсалаған. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырыну шараларын қолданып келген, – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.