Желіде 3 млн теңге жанып кеткені туралы ақпарат тарады.
фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы "Қарқаралы-Қарағайлы" автожолында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 2 желтоқсан сағат 16:40 шамасында болған.
"Camry" және "Lada Largus" көліктері соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша "Camry" жүргізушісі рөлді басқара алмай, "Lada Largus" көлігіне соғылған", - дейді ведомство.
Апат салдарынан 28 жастағы "Lada Largus" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның 36 жастағы жолаушысы мен 41 жастағы "Camry" жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Әлеуметтік желіде жол апатынан өртенген көлік инкассатор көлігі екені айтылып жатыр. 3 млн теңге жанып кеткен. Алайда полиция бұл туралы ештеңе айта алмады.
Қазір тергеу жүріп жатыр.


