​Қарағанды облысында қысқа дайындық ерекше бақылауда: негізгі жылу электр орталықтарындағы жұмыстар тексерілді

0
162

Теміртаудағы ЖЭО-2-де №7 қазан агрегатын іске қосу жұмыстарының барысы тексерілді.


​Қарағанды облысында қысқа дайындық ерекше бақылауда: негізгі жылу электр орталықтарындағы жұмыстар тексерілді

ERNUR.KZ. Алдағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау аясында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев келді. Инспекцияға ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов пен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов қатысты.


Сапардың негізгі мақсаты — жылу энергетикасы саласындағы стратегиялық нысандардағы жөндеу жұмыстарының барысын бағалау болды. Комиссия КарГРЭС-1, Шахтинск ЖЭО және Сарань қаласындағы орталық жылу көзінің дайындығын тексерді.

Теміртаудағы ЖЭО-2-де №7 қазан агрегатын іске қосу жұмыстарының барысы тексерілді. «Ыстық сынақтар» 30 қарашаға жоспарланған, ал қазанды толық пайдалануға беру осы жылдың 15 желтоқсанына дейін жоспарланып отыр.

Ерекше назар қазірдің өзінде аяқталған маңызды инфрақұрылымдық жобаға — ЖЭО-3-тен Қарағанды қаласының тұрғын аудандарына дейін тартылған ұзындығы 22 шақырымдық жылу трассасына аударылды. 2024 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа жылу магистралі бүгінде 21 000-нан астам пәтерді (жалпы ауданы 1,2 млн м²-ден астам), сондай-ақ қаладағы бизнес және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын тұрақты және үзіліссіз жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл нысандар Қарағандының Оңтүстік-Шығыс және Майқұдық аудандарында орналасқан.

Сапар қорытындысы бойынша күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарының белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Өңір халқын қыс мезгілінде сенімді жылумен қамтамасыз ету басты міндет болып қала береді. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитеті барлық негізгі нысандардағы жұмыстардың орындалу барысына үйлестіру мен қатаң бақылауды жалғастыратын болады.