Қарағанды облысында адасып кеткен туристер дронның көмегімен табылды

0
110

ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты.


Қарағанды облысында адасып кеткен туристер дронның көмегімен табылды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында "Шахтёр" демалыс үйінің маңында әйел мен ер адам тауға серуендеуге шығып, қайта кері орала алмаған. Адасқан туристерді іздестіру үшін оқиға орнына ТЖМ-ның құтқару жасағы аттанды, деп жазады zakon.kz.

ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты.

"Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қос турист қауіпсіз жерге жеткізілді", делінген хабарламада.

ТЖМ еске салады: орманға немесе тауға шыққанда өзіңізбен бірге қуаты толық телефон, су және азық-түлік қорын алыңыз. Жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз және қараңғы уақытта жолға шықпаңыз!