Қалыңмалды қайтарып беруді талап ететін азаматтар күрт көбейген

0
154

Елімізде тойға дейін қалыңмалды беріп қойып, әртүрлі себеппен шаңырақ көтермей қалған жастар заңгерлердің көмегіне жиі жүгіне бастаған.


Қалыңмалды қайтарып беруді талап ететін азаматтар күрт көбейген

Фото: esquire.kz

ERNUR.KZ. Қалыңмалды сот арқылы өндіріп алғандар да кездеседі, деп жазады inbusiness.kz.

Ең қызығы, екі жас екі жаққа кетсе де көп жағдайда қалыңмал қайтарылмайды. Ал тұрғындардың дені қыз келіндік міндетін атқармаса, жөн-жоралғы арқылы берілген ақша мен бағалы сыйлықтар қайта берілуі керек деп есептейді.

"Қалыңмалды қайтару дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қалыңмал екі жас арасындағы келісімшарттың бір бөлігі деуге болады. Сондықтан бұл шарт орындалмаса, қыз келін ретінде қызмет етпесе, қалыңмалды қайтару керек деп ойлаймын", – дейді тұрғындардың бірі.

Заңгерлер бұл істі бизнеске айналдырған қыздар бар екенін растайды.

Олардың пікірінше, қалыңдық босаға аттамаса, шарт бұзылады, сондықтан екінші тарап өз келісімін орындамағаннан кейін берілген сыйды қайтаруға тиіс.

"Қыз үйіне бармаймын деп бас тартса, екінші жақ келіспесе, заңгер ретінде айтатыным, келісімшарт орындалмады деп есептеліп, сол жерде қалыңмал берген кезде куәгерлер болса, жазбаша дәлелдер болса, онда азаматтық сот арқылы арыз жазып, шыққан шығынды өндіріп алады", – дейді заңгер Ғабит Өмірбек.

Заңгердің сөзінше, жігіт жағы қалыңмал ретінде берген заттарын да қайтарып ала алады екен.