Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары сатылымға шығарылды

0
79

2024 жылғы қаңтарда Алматы прокуратурасы бұл үлесті мемлекетке қайтарды.


Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары сатылымға шығарылды

ERNUR.KZ. Бұрын Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" базары тағы да сатылымға шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Аукционды E-Qazyna порталында 26 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 11:00-де өткізу жоспарланып отыр.

"Байсат" базарының бастапқы бағасы - 26 миллиард 706 миллион теңге.

Еске салайық, бұған дейін де, 2025 жылы қарашада Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған "Байсат" көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС үлесі сатылымға шығарылды.

Ал 2024 жылғы қаңтарда Алматы прокуратурасы бұл үлесті мемлекетке қайтарды. Бұған дейін тергеу аясында Қайрат Сатыбалды "Байсат" базарының басым бөлігін ерікті түрде мемлекетке қайтарған болатын.