Италияда қазақстандық студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат тарады

0
139

​Жас жігіттің денесі 9 маусым күні таңертеңгі уақытта табылды.


Италияда қазақстандық студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат тарады

Фото: ilvibonese.it

ERNUR.KZ. Италияның Калабрия аймағына қарасты Бриатико жерінде Қазақстан азаматының суға батып кеткені туралы ақпарат тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жергілікті басылымның мәліметінше, таңғы уақытта теңіз жағалауындағы жартастар арасында байқалған мәйіт құтқарушылардың көмегімен шығарылған.

«Қаза болған адамның әзірге кім екені анықталған жоқ. Ол 20-30 жас шамасындағы еуропалық нәсіл өкілі екені белгілі болды. Ұзын шашына байланысты оны алғаш көрген құтқарушылар бастапқыда әйел адам деп ойлаған. Алдын ала жүргізілген тексеру нәтижелеріне сәйкес, мәйіт табылғанға дейін шамамен 15 сағат бұрын қайтыс болған. Денесінен жарақат белгілері анықталмаған. Алайда жартастарға қатты соғылғаннан пайда болған жарақаттар бар. Алдын ала мәлімет бойынша, ол суға батып кеткен болуы мүмкін. Марқұмның қалтасынан ұялы телефон табылды. Сондай-ақ жартастардың арасынан табылған пакеттердің ішінен белдік сөмке мен бірнеше киім-кешек шыққан», – деп жазды италиялық басылым.

Қайғылы оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі қазақстандық Telegram арна жас жігіт жайлы мәлімет жариялады. Белгілі болғандай, Италияда қаза тапқан жігіттің есімі – Нұрдәулет. Жасы – 21-де. Орал қаласында мектеп бітірген. Қазіргі уақытта Кассино қаласындағы Unicas университетінде 3-курста оқып жүрген.