Экология және табиғи ресурстар министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату арқылы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың эмиссияларына үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ведомство мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату және оның деректерін «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне беру бойынша жұмыстар жүргізуде. Экологиялық кодекстің 184-бабының 3-тармағына сәйкес, I санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде негізгі стационарлық эмиссия көздеріне МАЖ орнатуға міндетті және МАЖ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен автоматтандырылған мониторингті жүргізу тәртібіне және Экологиялық кодекстің 186-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес орнатылады. Бұны ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, Экологиялық кодекстің 418-бабының 16-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілерге МАЖ-нің міндетті түрде болуы туралы талап 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
«Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығының 11-тармағына сәйкес шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі шығарындылардың біреуіне сәйкес келетін негізгі стационарлық ұйымдастырылған шығарындылар көздерінде келесі критерийлер бойынша белгіленеді: бір стационарлық ұйымдастырылған көзден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы көлемі жылына 500 тонна немесе одан жоғары болған жағдайда; газдан басқа отынмен жұмыс істейтін, жалпы электр қуаты 50 МВт және одан жоғары электр станцияларындағы көздерге, сондай-ақ жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары қазандықтарға; газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдардың жалпы электр қуаты 500 МВт және одан жоғары болған жағдайда, сондай-ақ жылу қуаты 1200 Гкал/сағ және одан жоғары қазандықтарға орнатылады», – деді спикер.
Қағидалардың 14-тармағына сәйкес алау қондырғыларындағы шығарындыларды мониторингілеу алауға жіберілетін газдың шығынын, тығыздығын және құрамын бақылау арқылы жүзеге асырылады. Қағидалардың 17-тармағына сәйкес I санаттағы объектіден жер үсті су объектісіне немесе жергілікті жердің рельефіне (буландырғыш-тоғандар мен жинақтағыштарды қоспағанда) бұрылатын сарқынды суларды шығару АСМ жарақтандырылуға жатады.


