І топтағы мүгедектігі бар азаматтар теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

0
128

Арнайы орындарға билет алу үшін кассаға бару қажеттілігі жойылды.


І топтағы мүгедектігі бар азаматтар теміржол билетін онлайн рәсімдей алады

Фото: liter.kz

ERNUR.KZ. І топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін теміржол билеттерін рәсімдеу жеңілдетілді, деп жазады inbusiness.kz.

Енді олар әлеуметтік маңызы бар пойыздардағы арнайы орындарға билетті онлайн түрде сатып ала алады.

Бұған дейін мұндай мүмкіндік қарастырылмаған еді. Бас көлік прокуратурасының қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіру жүйесін енгізіп, электронды қызметті жетілдірді.

2026 жылдың маусымынан бастап арнайы орындарға онлайн билет рәсімдеу сервисі іске қосылды. Бұл "ҚТЖ" электрондық билеттеу жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктіру арқылы жүзеге асты.

Жаңа мүмкіндік нәтижесінде І топтағы мүгедектігі бар 90 мыңға жуық азамат теміржол билеттерін қашықтан сатып ала алады.