Жергілікті БАҚ оның мәйіті табылғанын хабарлады.
Фото: https://www.instagram.com/notyounghunter/?
ERNUR.KZ. Тбилисиде жоғалып кеткен 27 жастағы Қазақстан азаматы өлі табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тбилисиде 27 жастағы Қазақстан азаматы Шыңғыс Муссадилов із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Жергілікті БАҚ оның өлі табылғанын жазды.
Ол 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні соңғы рет Руставели даңғылындағы Laila түнгі клубының маңында байқалған. Кейін Шыңғысқа ешбір қоңырау бармай қалған. Оның жақындары полицияға ресми түрде арыз жазған. Белгілі болғандай, оның мәйіті табылған. Өзге ақпарат беймәлім болып отыр.