Физикадан үздік оқушылар Еуропа олимпиадасына аттанды

0
199

Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.


Физикадан үздік оқушылар Еуропа олимпиадасына аттанды

ERNUR.KZ. 13-17 маусым аралығында Болгарияның София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы EuPhO-2025 өтеді. Олимпиадаға 30 елден 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады, деп жазады baq.kz.

Қазақстан құрамасына 2024–2025 оқу жылындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және физика пәні бойынша олимпиадалық резерв мүшелері енді:

  • Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
  • Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Даниэль Тюлюбаев – Астана қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Таир Абдикадыр – Қостанай облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  • Алтаир Ақанов – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

  • Андрей Владимирович Сидоренко – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы;
  • Темірлан Айдарұлы Исмағұлов – жаттықтырушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Еуропалық физика олимпиадасы – ғылымға қызығушылығы бар, дарынды мектеп оқушыларына арналған халықаралық аймақтық жарыс. Өткен жылы Қазақстан құрамасы 2 күміс және 2 қола медаль иеленген болатын.