Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтты

0
112

8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті.


Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтты

Коллаж: Kazinform

ERNUR.KZ. 2025 жылғы қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі оның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Youtube желісіндегі сұхбатында Әділет Зейнел бұл процессуалдық мәртебені сақтап қалу шешімінің себебін түсіндірді.
– Бұл істі өзім бастаған соң, оны соңына дейін жеткізгім келеді. Барлық сатыдан өттім, процесте өзім бастамашы болдым және оны аяқтауға ниеттімін. Қазақта «ер жігіт бастаған ісін аяқтайды» деген сөз бар. Егер ертең бұл істен бас тартсам, «екінші отбасын құрды да, бәрінен бас тартты» дейтіндер табылады. Бұл тағы да теріс пікірлердің өршуіне әкеледі. Бірақ мен өзгенің сөзінен қорыққандықтан емес, Ұлдананың алдындағы және барша жұрт алдындағы ішкі жауапкершілікті сезінгендіктен жалғастырып отырмын, – деді ол.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғаны хабарланған болатын. Алғашқы сот отырысының күні әзірге белгіленген жоқ.

Еске салайық, жедел жәрдем фельдшері 23 жасар Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы 18 қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды.

8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Мемлекет басшысы қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.