Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
ERNUR.KZ. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасайды.
Шығарылымда анонимді арналар мен «пікір көшбасшылары» арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні; боттар мен тролльдердің рөлі; неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні қарастырылады.
Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – «жерді шетелдіктерге беру» туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.
Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.
Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.