"Еуразия жүрегіне саяхат" эспедициясы Қазақстанға жетті

0
190

​Экспедицияның Қазақстандағы алғашқы бағыты - Ақтөбе.


ERNUR.KZ. Мәскеуде 9 маусымда басталған "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық автоэкспедициясына қатысушылар Қазақстан бойынша саяхатын бастады, деп жазады sputnik.kz.

Команда Ресейдің бірқатар аймақтарында, атап айтқанда, Владимир және Нижний Новгород облыстарында, Чувашияда, Татарстанда, Башқұртстанда және Орынбор облысында болды.
Ресей-Қазақстан шекарасындағы "Жайсаң" бақылау-өткізу бекетінде қонақтарды ұлттық тағамдар – бауырсақпен және қымызбен қарсы алды.
Ақтөбеде 20 маусымда Ресейдің Оралдағы Бас консулы Алексей Грубыйдың және Ақтөбе облысы әкімдігінің қатысуымен экспедицияның қазақстандық кезеңі салтанатты түрде ашылды. Саяхатшылар үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өткізілді, өңірде тұратын халықтардың тарихы мен салт-дәстүріне арналған көрме ұйымдастырылды.