Қазіргі кезде арнайы ақпараттық базаларда әрбір үй жануарына жеке нөмір беріледі.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет сататын делдалдарды қылмыстық жазаға тарту қажеттігін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде арнайы ақпараттық базаларда әрбір үй жануарына жеке нөмір беріледі. Осылайша, қажетті деректер мен ветеринариялық рәсімдер ресми түрде тіркеліп тұрады. Алайда осы талаптарды көбінесе мал иелері ғана орындайды. Ал етті сатып алатын делдалдар оны ветеринариялық құжаттарсыз өткізеді. Олардың жауапкершілігін күшейту жоспарланып отыр.
"Малды ауылдан сатып алып, базарға апаратын делдалдар бар. Олар кей кезде етті қажетті құжатсыз, анықтамасыз өткізеді. Ондай адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға дейін шара қолдануды жоспарлап отырмыз. Оны да заңға енгізу керек. Бұған мән бермесек, ауру мал бүкіл халыққа қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қатаң шара болуы керек",-деді Сапаров үкіметтегі брифингте.
Министрлік осы бастаманы парламенттің қарауына келесі сессияда енгізуді жоспарлап отыр. Депутаттар күзде жұмысқа шығады.