Жобаның негізгі мақсаты – ер адамдардың дәрігерге қаралуына кедергі келтіретін факторларды азайту.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
ERNUR.KZ. «AI-Sana» көрмесінде денсаулықты бақылауға арналған AI-жоба таныстырылды, деп жазады inform.kz.
Жоба ер адамдардың репродуктивті денсаулығына қатысты ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және өз денсаулығын жүйелі түрде бақылауына мүмкіндік беруге бағытталған.
Жобаның негізгі мақсаты – ер адамдардың дәрігерге қаралуына кедергі келтіретін факторларды азайту, репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.


