Енді шенеуніктер бюджеттен артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

0
235

Үнемделген қаржы енді бюджетке қайтарылып отырады.


Енді шенеуніктер бюджеттен артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрі Мади Такиев мәжіліс кулуарында шенеуніктердің бюджетте артылған қаржыны сыйақы ретінде өздеріне ала алмайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Осы сәтті пайдалана отырып мына нәрсені айтқым келеді. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Сәйкесінше, шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады", – деді ол.

БАҚ өкілдері Мади Такиевтен шенеуніктердің сыйақы мөлшері туралы да сұраған. Алайда министр бұл сауалға жауап бермеді.