«Енді 6 ай дәрігерге апаруым керек»: Астанадағы кафеде баланың аяғына медициналық шприц кіріп кеткен

0
123

​Оқиға 6 шілдеде болды.


«Енді 6 ай дәрігерге апаруым керек»: Астанадағы кафеде баланың аяғына медициналық шприц кіріп кеткен

Фото: скрин

ERNUR.KZ. Желі қолданушысы Астанадағы кафенің бірінде сұмдық жайтқа тап болған. Оның айтуынша, ғимарат ішіндегі арнайы ойын алаңында жүрген баласының табанына медициналық шприцтің инесі кіріп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Кешкі сағат 22:00 мен 23:00 аралығында отбасымызбен Жәнібек Тархан көшесі, 6Б мекенжайындағы SF шаурма фуд кафесіне бардық. Екі баламызға алаңда ойнау үшін кіру ақысын төледік. Сол жерде ұлымның табанына бүгілген медициналық шприц кіріп кетіп, жарақат алды. Инені белгісіз біреу тастап кеткен. Баламның денсаулығына қатты алаңдаймын, инені әлдекім әдейі тастап кетуі мүмкін. Енді балам 6 ай бойы инфекционистке қаралу керек», - деді алаңдаған ана.

Оның сөзінше, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылған, бірақ әлі күнге дейін полиция тарапынан еш әрекет жасалмаған көрінеді.

Ол иненің фотосын, медициналық анықтамаларды жариялады.

Осыған қатысты агенттік тілшісі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.

«Пациентті №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігерлер тексерді. Ауыр жарақаттар анықталмағандықтан, бала тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық ем алуға жіберілді», – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.