​Елордалық кәсіпкер донер жарнамалау үшін түйеқұс сатып алған

0
92

Желіде тараған видеодан белгілі болғандай, түйеқұстың мойнынан ұстап көлікке тиемек болған.


​Елордалық кәсіпкер донер жарнамалау үшін түйеқұс сатып алған

Фото: instagram.com/astanovka98

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Астана көшесінде түйеқұсты ұстаған видео тарады. Желі қолданушылары оның иесін тауып, жазалау керек деп шу шығарды, деп жазады inform.kz.

Істің мән-жайын қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен сұрап білген едік.

— Жануарға қатыгездік көрсету фактісі тіркелмеді. Желіде тараған видеодан белгілі болғандай, түйеқұстың мойнынан ұстап көлікке тиемек болған. Құс Астанаға жарнама түсіру мақсатында жеткізілген. Тәртіп сақшылары оның иесіне жануарларға қатыгездікпен қарауға болмайтындығын айтып, сондай-ақ жануарды тиісті талап пен норма сақталмаған жағдайда мақсатта пайдалануға болмайтыны жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізді, — деген хабар алдық полициядан.
Ақпаратта айтылғандай, түйеқұс Сарыағаш қаласынан сатып алынған және қазір Қоянды ауылындағы фермаға жеткізілді.
— Полиция жануарларға қатыгездікпен қарау, қорлау әрекет белгілері бар бейнематериалдарды таратуға жол берілмейтінін және ол үшін құқықтық жауапкершіліктің барын еске салады, — деп еске салады ведомстводан.