Еліміздің энергетикалық жүйесінде қосымша 26 ГВт жаңа қуат көздерін қосу жоспарланып отыр

0
93

Министр 26 ГВт-тан астам жаңа қуат көздерін қосу қарастырылып отырған «Энергетика саласын 2035 жылға дейінгі дамыту жоспары» аясындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасып жатқанын айтты.


Еліміздің энергетикалық жүйесінде қосымша 26 ГВт жаңа қуат көздерін қосу жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстанның энергетикалық жүйесі тиісті талаптарға сай және Ресей мен Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен үйлесімді қалыпта жұмыс істеп тұр. 237 электр станциясының 79-ы дәстүрлі генерация көздері, қалғаны 158 жаңартылатын энергия көздері, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«Министрлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, қуаттарды кеңейтуге және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларды тұрақты негізде қабылдап келеді», – деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Министр 26 ГВт-тан астам жаңа қуат көздерін қосу қарастырылып отырған «Энергетика саласын 2035 жылға дейінгі дамыту жоспары» аясындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасып жатқанын айтты.

Жаңа қуаттарды іске қосу қолданыстағы станцияларды жаңғырту және жаңа қуат өндіру қондырғыларын салу арқылы жүзеге асырылады.