Еліміздің барлық өңірлерінде Saulyq.kz жобасы жүзеге асырылып жатыр

0
149

«Saulyq Life» — Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау жөніндегі республикалық қозғалыс жобасы.


Еліміздің барлық өңірлерінде Saulyq.kz жобасы жүзеге асырылып жатыр

ERNUR.KZ. Ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты — жастардың репродуктивті сауаттылығын арттыру, ерте жүктіліктің, түсіктердің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу. Бұл туралы «Медицина жастары» РҚБ төрағасы, «Saulyq.life: Қазақстан жастарының репродуктивті денсаулығын сақтау республикалық жастар қозғалысы» жобасының үйлестірушісі Абылайхан Әбдірәш ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Жоба еліміздің барлық 17 облысын және 3 республикалық маңызы бар қаласын қамтиды. 2 жылда 200-ден астам іс-шара өткізіліп, 40 000-нан астам жас қамтылды.

«Жастарға медиа бағытта қолдау көрсететін Saulyq.kz онлайн платформасы іске қосылды. Қазіргі таңда оған 95 мыңнан астам пайдаланушы көмекке жүгінді. Сонымен қатар 3 800 жастан анонимді өтініш келіп түсті. Платформа арқылы 3 мыңнан астам жас гинеколог, андролог, психологтың консультациясын алған болатын», – деді спикер.

Әлеуметтік желілерде де белсенді ақпараттық науқан жүргізіліп жатыр. 400-ден астам ақпараттық контент дайындалды. Ол 10 млн-нан астам қаралым жинады. 15-тен астам инфлюенсер мен медицина саласының блогері тартылды. 1000-нан астам волонтер жоғары оқу орындары мен мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.