Елімізде 708 рұқсат етілген және 5 мыңға жуық шомылуға тыйым салынған орын бекітілді

0
1 291

Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ және меморгандардың сайттарында, сондай-ақ 2GIS қосымшасында орналастырылған.


Елімізде 708 рұқсат етілген және 5 мыңға жуық шомылуға тыйым салынған орын бекітілді

ERNUR.KZ. Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 65 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеті орнатылды. Суға батып қайтыс болғандардың 85%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр. Осыған байланысты ТЖМ рұқсат етілген және қауіпсіз орындарда демалу қажет екенін тағы да еске салды. Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ және меморгандардың сайттарында, сондай-ақ 2GIS қосымшасында орналастырылған. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлідеді.

Оның хабарлауынша, бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, оларда әкімдіктердің шешімдерімен 708 рұқсат етілген және 5 мыңға жуық шомылуға тыйым салынған орындар бекітілген. Барлық тыйым салынған учаске ескерту белгілерімен жабдықталған, мұндай жерлерде шомылған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Жүргізілген профилактикалық іс шаралар кешенінің нәтижесінде шомылу маусымының 2 айында еліміздің су айдындарында қаза тапқандардың санын былтырғы жылмен салыстырғанда 23 адамға азайтуға мүмкіндік туды. Дей тұрғанмен, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда екі мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр. Өкінішке орай, олардың 700-ден астамы – бала. Жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 250 адам құтқарылды, олардың ішінде 63-і – бала», – деді спикер.

Мамандармен қатар қарапайым азаматтар да құтқару жұмыстарына ат салысады, мысалы, Бурабайда бір апта бұрын Бурабайда 43 жастағы кәсіпкер Рүстем Шаймерденов 7 минут бойы су астында қалған қызды тауып құтқарып алды.

Негізінен демалушылар келесі себептерге байланысты батып кетеді: өз күштерін асыра бағалайды, балаларды қараусыз қалдырады, көбінесе мас күйінде шомылады. Сондай-ақ құтқарылғандардың көбі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған, олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Жоғарыда айтылғандармен қатар, демалушыларға арналған тағы да бірнеше міндеттер бар: балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз және олардың өздігінен шомылуына жол бермеңіз; тыйым салу белгілері орнатылған және мас күйінде бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға немесе суға түсуге болмайды; жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз; жүзу құралдарының жанында жүзбеңіз!Осы қарапайым ережелерді ұстану сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды», – деп ескертті ведомство өкілі.

Ал, апат болған жағдайда «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет.