Елімізде 1,3 млн тонна астық бастырылды - ҚР АШМ

0
127

Өңір әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес күздік дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын.


Елімізде 1,3 млн тонна астық бастырылды - ҚР АШМ

ERNUR.KZ. Орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады. Бүгінгі күні 1,3 млн тонна астық бастырылды, оның ішінде 890,4 мың тоннасы – бидай. Сонымен қатар көкөніс және бақша дақылдарын жинау жалғасуда. Бүгінгі таңда 339 мың тонна көкөніс пен 140 мың тонна бақша дақылы жиналды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Өңірлердің мәліметіне сәйкес дәнді және майлы дақылдар алқаптарының 99%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Жаңа өнімді үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік облыс әкімдіктерімен және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп элеваторларда сақтау орындарын босату жұмыстарын жүргізуде.

Qoldau.kz порталының мәліметіне сәйкес лицензияланған астық сақтау қоймаларындағы астық қоры 2,4 млн тоннаны құрайды. Бос сақтау орны 10,8 млн тонна, бұл жаңа өнімді ешқандай шектеусіз қабылдауға мүмкіндік бермек.

Ел үшін маңызды науқанды жан-жақты қолдау мақсатында Энергетика министрлігі тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыш жіберілді.

Егін жинау науқанының барысы ҚР АШМ тұрақты әрі қатаң бақылауында.