​Еліміз 100 тұрғынды 15 бейнебақылау камерасы қадағалайтын деңгейге жеткізілмек

0
91

Премьер-министр дерегінше, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 5 мың қылмыстық және 317,3 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


​Еліміз 100 тұрғынды 15 бейнебақылау камерасы қадағалайтын деңгейге жеткізілмек

Фото: акимат Алматы

ERNUR.KZ. Еліміздің аумағында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 5 мың қылмыс анықталды. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

- ІІМ құқық бұзушылықтың алдын алуда цифрлық шешімдерді кеңінен қолданады. «Жедел басқару орталықтарына шығара отырып елді мекендерді жаппай бейнебақылау жүйелерімен қамту» жобасы аясында ел аумағын ішкі істер органдарына шығара отырып бейнекамералармен (100 тұрғынға шаққанда 15 бейнебақылау камерасы есебінен 3 млн камераның болуы талап етіледі) барынша қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жоба аясында қоғамдық орындарда және көшелерде 1,4 млн бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның 386 мыңы полицияның ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне қосылған, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр дерегінше, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 5 мың қылмыстық және 317,3 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
- Сонымен қатар, бет-әлпетті тану жүйелері (аналитикалық функциялары бар 19 мың камера) аппробациялануда. Олардың көмегімен 569 адам анықталып, ұсталды. Азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералары, динамикасы, микрофоны және полицияға жүгінуге арналған түймесі бар «SOS» түймелері орнатылған. Бейнекамераларды орнату және олардың санын көбейту мәселесі тұрақты бақылауда, - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, сенатор Геннадий Шиповских елімізде бұзақылық әрекеттер — мектептердегі агрессивті мінез-құлықтан бастап, көшедегі төбелестер көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық танытып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған еді.