Елена Рыбакина маусымның қорытынды турнирінің финалына шықты

0
112

Финал бүгін, 8 қараша Эр-Риядтағы орталық теннис кортында өтеді.


Елена Рыбакина маусымның қорытынды турнирінің финалына шықты

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA маусымның финалдық турнирінің финалына шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Алғашқы сетте Елена өз ойынын таба алмай, қарсыласына жол берді. Алайда келесі партияларда бар күшін салып, сенімді ойын көрсетті.

Бұл нәтиже тек Еленаның өзі үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық теннис үшін тарихи жетістік болды. Бұған дейін Қазақстаннан ешбір теннисші де, теннисші қыз да аталмыш турнирдің финалына шықпаған еді.

Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Финал бүгін 21:00-де басталады.

WTA Finals турнирінде төрт жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 2 695 000 доллар сыйақы ұтып алды.

Егер Рыбакина финалда жеңімпаз атанса, оның жалпы сыйақысы 5 235 000 долларға жетеді.