Жаңа талап 2025 жылдың 11 тамызынан бастап күшіне енеді.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырады. Жаңа талап 2025 жылдың 11 тамызынан бастап күшіне енеді.
"Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады, дейді министрліктегілер.
Бұған дейін ЭЦҚ-кілттерін онлайн да, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да алуға болатын. Енді бұл процесс толықтай онлайн форматқа көшіріледі.