Электр станциясы қоймаларында көмірді есепке алу процесі автоматтандырылмақ.
фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Самұрық-Энерго" күнделікті аэротүсірілім жасайтын дрондарды қолдана отырып, электр станциясы қоймаларында көмірді есепке алу процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр. Қазір көмір қалдықтарын есептеу аспаптар арқылы қолмен жүргізіледі. Цифрлық жүйеде жасанды интеллект пен компьютерді қолдану арқылы деректер өңделеді. Алынған деректерді кәсіпорынның есепке алу жүйесімен одан әрі біріктіру көмір қалдықтары туралы күнделікті есеп қалыптастырады", – деді Қайрат Мақсұтов.
Кейін бұл мәліметтер Энергетика министрлігіне берілмек.
Компания басшысының сөзінше, өлшеу уақыты 5 күннен 2 сағатқа дейін қысқарады. Ал есепке алу дәлдігі 99 пайызға дейін ұлғаяды.


