Электр станцияларындағы жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүріп жатыр – министрлік

0
275

2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған


Электр станцияларындағы жөндеу науқаны кестеге сәйкес жүріп жатыр – министрлік

фото: Минэнерго

ERNUR.KZ. Алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды дайындау жұмыстары ұйымдасқан түрде жүріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерімен қатарлас режимде тұрақты жұмыс істеуде. Электр станциялары жүйе операторы бекіткен кестеге сәйкес жүктемені көтеріп отыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылға арналған жөндеу науқаны аясында электр станцияларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 2 энергия блогында, 16 қазандық пен 8 турбинада жөндеу жұмыстары әртүрлі кезеңде жүріп жатыр. 1 энергия блогы мен 2 қазандықтағы жөндеу аяқталды.
Энергетика министрлігі жөндеу науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларқабылдап жатқанын хабарлады.