2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол апаттарының саны азайған.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Қазақстандағы жол апаттарының 91%-ы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзумен байланысты болып отыр, деп жазады sputnik.kz.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың пайыздық көрсеткіші мынандай:
жылдамдықты арттыру – 33%;
көлік құралын басқаруды жоғалту – 14%;
арақашықтықты сақтамау – 13%;
жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10%.
Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол апаттарының саны азайған. Жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға төмендеп, 1 507 жағдайдан 1 371 жағдайға дейін қысқарды.
Бұл динамикаға көліктік жүктеменің айтарлықтай өсуі аясында қол жеткізілді – жарты жылда қозғалыс қарқындылығы 37%-ға артып, 22,3 млн көлік құралын құрады.
Министрлік хабарлауынша, жол апаттарының азаюына жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелерінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесінің енгізілуі ықпал етіп отыр.


