Мысалы, дұрыс емес деректер енгізгені үшін аккаунттар бұғатталады.
Photo : Министерство транспорта Казахстана
ERNUR.KZ. Қазақстан шекарасындағы электронды кезектің жұмысы өзгереді, Қаржы министрінің бұйрығына енгізілген түзетулер жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады sputnik.kz.
Құжат жергілікті атқарушы органдарды бақылау-өткізу пункттерінің жанында күту орындарын ұйымдастыруды, жүйеде "тірі" және тез бұзылатын немесе қауіпті жүктері бар көліктерге бөлек орын бөлуді міндеттейді.
"Ақылы негізде кезектен жеделдетілген өту тетіктері нақтыланып, жалған дерекпен броньдаулардың алдын алу шаралары енгізілді", - делінген түсіндірмеде.
Қаржы министрлігіндегілер дұрыс емес деректер үшін аккаунттар бұғатталады, деп хабарлады.
Тағы не өзгереді:
кепілдік механизмі пайда болады;
кезектен тыс және жеделдетілген өту процедуралары арасында айырмашылық енгізіледі;
фототтіркеу, сәйкестендіру және мемлекеттік деректер базасымен өзара әрекеттесу тетіктері нақтыланады;
бірнеше рет броньдауларды шектейді және броньдау кестесін өзгерту мүмкіндіктерін кеңейтеді.