Ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

0
127

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді.


Ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

ERNUR.KZ. Кітап апталығының бесінші күнінде кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұсынылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Атап айтқанда, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасын өткізу жоспарланған.

Алматы қаласында «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама ұсынылады.

Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылады.

Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші өтеді.

Аталған бағдарлама кітапхана қызметін жандандырып, кітап оқуды насихаттаудың заманауи үлгіле­рін қалыптастыруға бағытталған.