Оқыс оқиға Переметное мен Белес ауылдарын жалғап жатқан жолда орын алған.
ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында, бүгін сағат 11:00-де болған, деп жазады baq.kz.
Оқыс оқиға Переметное мен Белес ауылдарын жалғап жатқан жолда орын алған. JAC N56 жүк көлігі мен ВАЗ-2110 жеңіл автомобилі бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан соңғы көліктегі 2008 және 2010 жылғы екі жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан. Кәмелетке толмағандардың бірі рөлде отырған.
Қазір жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның орын алу себебі мен жай-жапсарын анықтап жатырмыз. Полиция департаменті марқұмдардың ата-анасына қайғыра көңіл айта отырып, ата-аналардан қауіпсіздік мәселесіне немқұрайлы қарамауын, кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін тапсырмауын сұрайды, - дейді БҚО Полиция департаментінен.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
