«Екі iPhone мен кредит карталарым бар еді»: Қазақстандағы танымал блогердің қымбат сөмкесін әуежайда ұрлап кетті

0
137

​Оқиға Гонконгте болған.


«Екі iPhone мен кредит карталарым бар еді»: Қазақстандағы танымал блогердің қымбат сөмкесін әуежайда ұрлап кетті

Фото: @kaisha_kerey

ERNUR.KZ. Блогер Қайша Керейдің бағалы дүниелері салынған қымбат сөмкесін әуежайда біреулер алып кеткен. Бұл туралы ол желіде жария етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның айтуынша, оқиға Гонконг әуежайында болған. Қайша Керей Loro Piana брендті сөмкесін дәретханада ұмытып кеткен. Оның ішінде екі телефон және кредит карталары болған.

«Бүгін Гонконг әуежайында Loro Piana сөмкемді жоғалтып алдым. Ішінде екі iPhone мен кредит карталарым бар еді. Сөйтсем, дәретханада ұмытып кетіппін. Сөмкемнің жоқ екенін үш сағаттан кейін ғана байқадым. Қайта барып қарасам, орнында жоқ екен», – деп жазды ол.

Оқиғадан кейін блогер әуежайдағы жоғалған заттар бөліміне жүгініп, байланыс деректерін қалдырған. Сондай-ақ Гонконг әуежайына электронды хат жолдаған.

Қайша Керей телефондарындағы геолокация қызметі арқылы құрылғыларының әлі де әуежай аумағында тұрғанын көріп отырғанын айтты. Осыған байланысты сөмкесі мен ішіндегі заттары табылып қалар деген үмітін білдірді.

«Әуежайдың жоғалған заттар бөліміне барып, мекенжайым мен телефон нөмірімді қалдырып кеттім. Қалай ойлайсыздар, табылады ма? Осындай жағдайда затын қайтарып алғандар бар ма? Гонконг әуежайына электронды хат жолдадым. Локатордан телефон әлі әуежайда деп тұр. Табылса, айтамын», – деді блогер.

Оның жазбасына оқырмандары да пікір білдіріп, осындай жағдайға тап болғандар оқиғаларын айтып жатыр.

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай тағы бір танымал блогердің басынан өтті. Мадлен есімімен танымал қазақстандық блогер Мадина Мамадалиеваны Италиядағы пойызда тонап кетті. Ол Венеция кинофестивалі аясындағы amfAR шарасына қатысу үшін бара жатқан. Блогердің айтуынша, Louis Vuitton брендті чемоданының ішінде киім-кешек, аяқ киім және танымал брендтердің басқа да бұйымдары болған. Ұрланған заттардың жалпы құны шамамен 70 мың долларға, яғни 31 миллион теңгеге бағаланған.

Мұндай жағдайлар Қазақстандағы әуе рейстерінде де кездеседі. Биыл көктемде Шымкенттен Астанаға бағыт алған ұшақ бортында жолаушының 7,6 млн теңгесін екі шетелдік азамат ұрлап кеткен. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер жолаушы білдіртпей, ақшасын алып кеткен. Олар ұсталып, қамауға алында. Ұрланған қаражат толықтай иесіне қайтарылды. Астана–Шымкент бағытындағы FlyArystan рейсінің жолаушысы да жеке заттарының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген. Оның айтуынша, сөмкеде жеке құжаттары мен алтын әшекейлері болған. Ұшақ Шымкентке қонғаннан кейін жолаушы қол жүгін салған дорбаның жыртылғанын байқаған. Үйіне барған соң, ашып көрген ол ішінде құжаттары мен алтын бұйымдары салынған кішкентай қызғылт сөмке жоқ болып шыққан. Осы факті бойынша Көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізген.

Мұндай рлықтардың алдын-алу үшін Көліктегі полиция жолаушыларға сапар кезінде жеке заттары мен бағалы мүлкін қараусыз қалдырмауды, қол жүгін бақылауда ұстауды және күмәнді жағдай байқалған жағдайда полиция қызметкерлеріне дереу хабарласуды ескертті.