Дженнифер Лопес ақтөбелік биші қыздардың видеосын жариялады

0
96

Ақтөбеден шыққан ZCrew би тобының қыздары әншінің бұрын бастамашы болған челленджі аясында BIRTHDAY трегіне билеген.


Дженнифер Лопес ақтөбелік биші қыздардың видеосын жариялады

ERNUR.KZ. Әлемдік мегажұлдыз Дженнифер Лопеске ақтөбелік қыздардың биі ұнап қалды. Ол өзінің Instagram-дағы Stories парақшасында қыздардың билеп жүрген видеосын жариялап, қазақстандықтарға тағы да құрмет көрсетті, деп жазады baq.kz.

Ақтөбеден шыққан ZCrew би тобының қыздары әншінің бұрын бастамашы болған челленджі аясында BIRTHDAY трегіне билеген.

Мыңдаған лүпіл мен пікір жинаған бейнежазбаны Джей Ло өз парақшасына жариялаған.

Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопес "Бәйтеректің" алдында билеген биші қыздардың видеосын бөліскен еді.