Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті

0
209

Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін төртінші бөлімін Қазақстанда жалғастырады.


Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті
Фото: sports.kz
ERNUR.KZ. Әйгілі «Құдіретті сауыт» («Armour of God») франшизасының төртінші бөлімі 2026 жылы көктемде Қазақстанда түсіріледі, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық медиакомпаниялардың парақшасында жарияланған ақпаратта Джеки Чан «Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильміне режиссер ретінде Роберт Кунды өзі бекіткені айтылған.

— Роберт Кунның есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox студияларының экшн-сахналарын қойған. Сондай-ақ «Wanted», «He Is a Dragon», «Abraham Lincoln: Vampire Hunter», «Major Grom: The Game» және басқа да танымал фильмдердің түсіріліміне қатысқан. Түсірілім 2026 жылы көктемде басталады, — делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмін төртінші бөлімін Қазақстанда жалғастыратынын жазған болатынбыз.