Депутат Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру туралы ұсынысқа пікір білдірді

0
149

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бір сұхбатында тоқал алуды заңдастыруды ұсынған болатын.


Депутат Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру туралы ұсынысқа пікір білдірді

Midjourney көмегімен жасалған кескін

ERNUR.KZ.Сенат депутаты Жанна Асанова Қазақстанда тоқал алуды заңдастыруға қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Сенат кулуарында журналистер парламентариден төменгі палата депутатының ұсынысына қалай қарайтынын сұрады.

"Менің айтарым, Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған. Қалғаны – жекелеген пікірлер. Мен некедегі зайырлы қарым-қатынасты қолдаймын", - деді Асанова.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бір сұхбатында тоқал алуды заңдастыруды ұсынған болатын. Ол бұл жайтты заң тұрғысынан реттеу керек деген пікірде.

"Бірақ мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан мұны (тоқалдықты - еск.) заңдастыру керек деп есептеймін. Заңмен реттеу қажет. Әуелі қоғамның талқысына салу керек", - деді депутат.