Дәрігерлер инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын айтты

0
176

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.


Дәрігерлер инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын айтты

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайынан хабардар етті, деп жазады stan.kz.

Дәрігерлер Диас Ахметшәріптің миына қан құйылғанын айтты. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

“Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 6 мамырда журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түскені хабарланды. Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған.

Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "Қазақстан" телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.

Ол мемлекеттік "Қазспорт" телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.