Бұрынғы әйелін 9 рет пышақтап өлтірмек болған ер адам сотталды

0
125

Сотта күйеуі ас үй пышағын алып, бұрынғы жұбайының жұмыс орнына сөйлесу мақсатында келгені анықталды.


Бұрынғы әйелін 9 рет пышақтап өлтірмек болған ер адам сотталды

gov.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.-ға қатысты бұрынғы жұбайын өлтіруге оқталғаны үшін қылмыстық іс қаралды, деп жазады ulysmedia.kz.

Сотта күйеуі ас үй пышағын алып, бұрынғы жұбайының жұмыс орнына сөйлесу мақсатында келгені анықталды. Сөйлесу барысында жанжал туындаған. Әйелі дәретхана бөлмесіне кеткен кезде, күйеуі оның артынан барып, пышақпен арқасынан ұрған. Кейін әйел қашып, басқа бөлмеге кіргенде, күйеуі оны қуып жетіп тағы да бірнеше рет пышақ сұққан. Сыртқа қашып шыққан әйелін көшеде тағы да қуып жетіп, денесіне бірнеше пышақ жарақатын салған. Барлығы 9 пышақ жарақаты анықталған.

Көшеде күйеуін куәгер азаматтар ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

САРАПТАМА

Сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша, күйеуінің есірткіге тәуелді екені және емделуді қажет ететіні анықталды.

КІНӘСІН МОЙЫНДАМАДЫ

Сот отырысында күйеуі кісі өлтіруге оқталғанын мойындамай, бұрынғы жұбайын тек қорқытпақ болғанын түсіндірді.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен күйеуі 10 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды, сондай-ақ әйелінің ауруханада емделуіне кеткен шығындарды өндіру туралы азаматтық талап қанағаттандырылды. Бұдан бөлек, сотталушы күйеуіне жазасын өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.