Бұрымды боксшылар Қарағандыда бас киімсіз жұдырықтасады

0
322

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жарыс - қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі.


Бұрымды боксшылар Қарағандыда бас киімсіз жұдырықтасады

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында 22-28 қыркүйек күндері әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» өтеді. Онда бұрымды боксшыларымыз тұңғыш рет рингкте бас киімсіз жұдырықтасады, деп жазады inform.kz.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жарыс - қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг өзара мықтыларды анықтайды.

Тек, 2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.

Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етпек.

Бұл доданың тағы бір атап өтерлік ерекшелігі - Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.