Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Фото: Павлодар облысы ТЖД
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында балық аулауға шыққан төрт ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды6 деп жазады inform.kz.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Ер адамдарды тапқан құтқарушылар оларды көліктеріне дейін ертіп апарды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
—Балық аулауға шыққанда қараңғы түсу уақытын ескеріп, жергілікті жердің ерекшеліктерін назарға алыңыз және қайту бағытын алдын ала жоспарлаңыз. Үйге қайтуды кешкі уақытқа қалдырмаңыз, — деп ескертті ведомство.


