«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

0
78

2026 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасына бірқатар жаңалық енгізілді.


«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ERNUR.KZ. «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады, деп жазады inform.kz.

«Болашақ» бағдарламасына — 16 наурыздан 16 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы) өтінім беруге болады. Ал «ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы — 16 наурыздан 30 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы және ХБО кеңсесінде, Астана) жалғасады.

2026 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасына бірқатар жаңалық енгізілді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I–III орындар) үшін «бакалавриат» санаты енгізілді.
Сонымен қатар, атом энергетикасы саласында мамандар даярлауға арналған жеке бағыт іске қосылып, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша кәсіби тағылымдамаларға бөлек санат бөлінді.
2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 635 стипендия бөлінді. Оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша — 20 стипендия, магистратура бағдарламасы бойынша — 400 стипендия, докторантура бойынша — 50 стипендия, тағылымдамалар бойынша — 165 стипендия.
«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша 2026 жылы 250 стипендия бөлінді.
Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқулық материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайын стипендия төлейді.