Қылмыстық іске қатысты шу - әрқашан сот пен тергеу үшін сынақ.
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда
ERNUR.KZ. Прокуратура органдарының ардагері Хатиша Жұмағұлова сұхбатында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Сарапшының айтуынша, қылмыстық іске қатысты шу - әрқашан сот пен тергеу үшін сынақ.
"Прокуратура органдарында ондаған жыл жұмыс істеген адам ретінде сот процесінің объективтілігін қамтамасыз ету сот төрелігінің негізгі қағидаттарының бірі деп айта аламын. Судьялар көшедегі комментаторлар емес. Олар дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдайды. Кінәсіздік презумпциясы, іс жүргізу кепілдіктері, сот бақылауы бар", - деді ол.
Хатиша Жұмағұлованың айтуынша, процестің тараптары, яғни тергеушілер, адвокаттар, прокурорлар сыртқы қысымға берілмеуі және заң бойынша жұмыс істеуі өте маңызды.
"Әрине, көпшіліктің назары эмоционалды жағдайды күшейтуі мүмкін. Бірақ тәжірибеме сүйеніп айтайын, судьялар мен тергеушілер мұндай істерде процедураны қатаң сақтайды. Судьялардың тәуелсіздігіне Конституция кепілдік береді, соттың қызметіне араласу - қылмыстық жауапкершілік".
Сарапшы қоғамның әсері турасында мынадай пікір білдірді:
"Цифрлық дәуірде әлеуметтік желілер мен блогерлер арқылы қоғамдық пікірдің әсері айтарлықтай өсті. Алайда заң тұрғысынан сотқа, куәгерлерге, жәбірленушілерге немесе айыпталушыларға кез келген қысымға жол берілмейді".
Хатиша Жұмағұлова азаматтық қоғам бұл жүйені тек заң аясында бақылауы керек екенін айтты.
"Блогерлер "екінші тергеу немесе сот" болмауы керек. Блогер біреуді дәлелсіз айыптайтын видео немесе жазбаларды жариялай бастағанда, бұл әділеттілікке кедергі келтіруі мүмкін. Қылмыстық іс ток-шоу емес", - деді ол.
Ардагер прокурор қорытынды жасауға асықпауға және сотты құрметтеуге шақырды.