БҚО-да дрон құлады: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті

0
126

Зардап шеккендер жоқ.


БҚО-да дрон құлады: Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне бақылауды күшейтті

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ. Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылданғанын жеткізді.

"Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізілуде", – деп хабарлады ведомство.