Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 4 287 грант берілді

0
107

Жыл басынан бері 237 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды.


Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 4 287 грант берілді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 237,3 мың адам қамтылды, 529,6 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп жазады sputnik.kz.
Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 137 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 12 мың адам, жастар практикасында 12,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 92,8 мың адам, "Күміс жас" жобасы аясында 15,9 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 3,5 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде 171 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 51,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 47,6 мыңы оқуды аяқтады.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 44,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 25,4 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 4 892 адам жіберілді, оның ішінде 1 114 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 375 адам жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 261,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Сонымен қатар, 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 мың грант беру көзделген. 2025 жылғы 1 қыркүйекте республика бойынша 4 287 грант берілді.