Былтыр «Қазсушардың» Ақмола филиалына екі жерснаряд берілген болатын.
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
ERNUR.KZ. Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК жыл соңына дейін алты жаңа жерснаряд сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл – су нысандарын лай мен шөгінділерден тазартуға арналған арнайы кемелер, деп жазады inform.kz.
Айта кетейік, былтыр «Қазсушардың» Ақмола филиалына екі жерснаряд берілген болатын. Су ресурстары және ирригация министрлі мәліметінше, қазір олар Астана су қоймасын соңғы 55 жылда алғаш рет тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Соның нәтижесінде нысанның сыйымдылығы 47 млн текше метрге ұлғайып, елорда тұрғындарын сумен қамту жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
— Жерснарядтар су шаруашылығы нысандарын тазарту жұмыстарының тиімділігін арттырады. Бұл каналдардың су өткізу қуатын жақсартып, су қоймаларында көбірек су жинауға жол ашады. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта Қазақстанның барлық өңіріндегі нысандарда жүргізіледі, — деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.


