Бір сағаттың ішінде бірнеше банктен кредит алуға болмайды – заң талабы

0
222

Заң аясында кредиттік бюроға тағы бір міндет жүктеледі.


Бір сағаттың ішінде бірнеше банктен кредит алуға болмайды – заң талабы

фото: Sputnik / Игорь Зарембо

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір сағаттың ішінде бірнеше банктен кредит алуға тыйым салынады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде банктер жаңа кредит туралы ақпаратты кредиттік бюроға бір сағаттың ішінде жіберіп отырады. Бірақ ол уақыттың ішінде адамдар бірнеше банктен қарызға ақша алып үлгереді.
"Заң аясында кредиттік бюроға тағы бір міндет жүктеледі. Олар кредитке берілген өтініш бойынша оң немесе теріс шешім шығарылғаны туралы ақпарат беріп отырады. Ал басқа кредиттік ұйымдарға бірінші өтініш қанағаттандырылмаса, басқа кредиттік өтініштерді мақұлдауға рұқсат берілмейді. Осы механизм "кредиттік шопинг" мәселесін толығымен шешеді",-деді Әбілқасымова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Бүгінде кредиттік бюро жаңа тәртіп бойынша техникалық тұрғыда жұмыс істеуге дайын.
Айта кетері, алдағы уақытта ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептеледі.